«Бекітемін»
«MAJOR DEVELOPMENT»
/ МЕЙДЖОР ДЕВЕЛОПМЕНТ /
ЖШС-нің
Бас директоры
________________ А.Алабычак
2026 жылғы «30» сәуір
«Утверждаю»
Генеральный директор
ТОО «MAJOR DEVELOPMENT»
/МЕЙДЖОР ДЕВЕЛОПМЕНТ/
________________________ Алабычак А.
«30» апреля 2026 г.
«Sky Beach Club» қызметтерін көрсету жөніндегі
жария шарт
Публичный договор оказания услуг «Sky Beach Club»
1. Осы «Sky Beach Club» қызметтерін көрсету жөніндегі жария шарт (бұдан әрі – Жария шарт) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес «Sky Beach Club» қызметтерін көрсету шартын жеке тұлғамен (бұдан әрі – Келуші) жасасу жөніндегі «MAJOR DEVELOPMENT» /МЕЙДЖОР ДЕВЕЛОПМЕНТ/ ЖШС-нің (бұдан әрі – Орындаушы) ресми ұсынысы болып табылады.
2. Жария шарт жасалған деп есептеледі және Келуші осы Жария шартта көзделген іс-әрекеттер жасаған кезден бастап күшіне енеді және қосылу талаптарында қандай да бірі қалмастан және (немесе) шектеулерсіз Жария шарттың барлық талаптарын сөзсіз қабылдағанын білдіреді.
3. Осы Жария шартта келесідей негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
3.1. «Sky Beach Club» – 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 37 мекенжайындағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан аумағында сауна, үлкен бассейн, толқынды бассейн, су сырғанақтары, бар, киім ауыстыратын бөлмелер, душ, ресепшен, сондай-ақ қызметтік үй-жайлар орналасқан жағажай;
3.2. Орындаушы – «MAJOR DEVELOPMENT» /МЕЙДЖОР ДЕВЕЛОПМЕНТ/ ЖШС, БСН 121140013557, заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 37, ЖСК KZ21601A871002980671 (KZT) «Қазақстан Халық Банк» АҚ-да, БСК HSBKKZKX.
3.3. «Sky Beach Club» әкімшілігі – «Sky Beach Club» міндеттерін орындауға уәкілеттік берілген Орындаушының қызметкерлері.
3.4. Келуші – тапсырыс беруге немесе сатып алуға ниеті бар не «Sky Beach Club» қызметтеріне тек қана жеке, отбасылық және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де қажеттіліктер үшін тапсырыс беретін және (немесе) сатып алатын және (немесе) пайдаланатын тұлға.
3.5. Дербес деректер – белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне жататын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер.
3.6. Сыйлық сертификаты – бірегей нөмірі жазылған қағаз жеткізгіштегі құжат, Келушінің «Sky Beach Club»-та Орындаушының қызметтері үшін сыйлық сертификатының номиналына баламалы сомаға оның бланкісінде көрсетілген қолданылу мерзімі бар қызмет көрсету сәтінде қолданылып жүрген бағалар бойынша төлем енгізгенін растайтын құжат. Сыйлық сертификаты атаулы емес, бағалы қағаз емес, қайтаруға немесе қолма-қол ақшаға айырбастауға жатпайды. Сыйлық сертификатын сатып алу фактісі Келушінің сыйлық сертификатын сатып алу және пайдалану шарттарымен танысқанын және келісетінін куәландырады.
3.7. Сертификат / купон – жария оферта шарттарында серіктестер платформаларында Пайдаланушы сатып алған, қағаз, электрондық немесе өзге де жеткізгіштерде тіркелген жария офертаны Пайдаланушының құптауы нәтижесінде арнайы платформаларда серіктестердің жүйелері өндірген және акцияның өткізілуі кезеңінде Пайдаланушының «Sky Beach Club» қызметтерін алуына құқық беретін бірегей әріптік-цифрлық немесе әріптік/цифрлық коды.
3.8. Қызметтер – Орындаушы «Sky Beach Club»-қа Келушіге ұсынатын негізгі және қосымша қызметтер.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Жария шарт қосылу шарты болып табылады. Жария шарттың талаптарын Орындаушы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып дербес айқындайды. Келуші Жария шарттың талаптарын Жария шартқа жалпы қосылу жолымен, осы Жария шартта көзделген қандай да осы немесе өзге де тәсілмен Қызметтерді сатып алу жолымен және (немесе) оларды пайдалану жолымен қабылдайды. Келуші Жария шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда, Келуші оны Жария шартта көзделген тәртіппен және шарттарда бұзуға құқылы.
5. Осы Жария шарт бойынша Орындаушы Келушіге қызметтер көрсетеді, ал келуші осы Жария шартта көзделген тәртіппен Орындаушы көрсететін қызметтерге ақы төлейді.
6. Қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттары осы Жария шартқа № 1 қосымшада көрсетілген «Sky Beach Club»-қа бару ережелерінде, осы Жария Шарттың № 2 қосымшасында көрсетілген Саунаға бару ережелерінде, осы Жария шартқа № 3 қосымшада көрсетілген Үлкен бассейнді пайдалану ережелерінде, осы Жария шартқа № 4 қосымшада көрсетілген Толқынды бассейнді пайдалану ережелерінде, осы Жария шартқа № 5 қосымшада көрсетілген Су сырғанақтарын пайдалану ережелерінде (бұдан әрі – Ережелер) айқындалады. Осы Жария шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады және барлық Келушілердің міндетті және мүлтіксіз орындауына жатады. Орындаушының қызметтер тізбесі түбегейлі болып табылмайды және оны Орындаушы толықтыра алады.
7. Осы Жария шарт бойынша келушінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа тұлғаларға берілуі мүмкін. Орындаушы өз қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әріптестерді және (немесе) үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
8. Қызметтердің құны Орындаушының бірінші басшысының бұйрығымен ҚҚС есебін қоса теңгемен бекітіледі. Орындаушы қызметтердің құнын келушіге алдын ала ескертусіз кез келген уақытта өзгерте алады.
9. Орындаушы Орындаушының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін Қызметтерге жеңілдіктерді (олардың мөлшері, шарттары мен қолданылу кезеңі) өздігінен белгілейді. Өзге жағдайларда Келуші Орындаушыдан жеңілдік беруді талап етуге құқылы емес.
10. Қызметтерге ақы төлеуді келуші Қызмет көрсету басталғанға дейін 100% алдын ала төлем жасау жолымен жүзеге асырылады.
11. Келуші қызметтерге ақы төлеуді қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе сыйлық сертификатын немесе сертификат/купонды белсендіру арқылы жүзеге асырады.
12. Келушіге Қызметтерге ақы төленгенін растайтын құжатты беруді Орындаушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
13. Орындаушының бірнеше рет тиісінше қызмет көрсетпеуін қоспағанда, келуші кез келген себеппен Қызметтерден бас тартқан жағдайда, келушіге ақшалай қаражат қайтарылмайды.
14. Егер келуші Орындаушы қызметтерін бірнеше рет тиісінше көрсетпеуі себебінен қызметтерден бас тартса, Орындаушы келушіге тиісінше көрсетілмеген Қызметтер үшін ақшалай қаражатты қайтарады.
15. Төлемді қайтару осы Жария шарттың талаптарына сәйкес келмейтін Қызметтерді көрсетпеу фактісінің дәлелдемелері мен құжаттық негіздемесі болған кезде, сондай-ақ Келуші бақылау-кассалық чекті немесе POS-чекті ұсынған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
16. Келушінің жасына қатысты күмән туындаған жағдайда, «Sky Beach Club» әкімшілігі келушінің жеке басын куәландыратын құжатты сұратуға құқылы. Келуші сұралған құжатты ұсынбаса немесе ұсынылған құжаттың негізінде Келушінің қызметтер көрсетілетін тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталса, «Sky Beach Club» әкімшілігі Қызметтерді көрсетуден бас тартуға құқылы.
17. «Sky Beach Club»-қа алдын-ала тапсырыс бойынша баруға болады. Топтардың келуіне алдын ала тапсырысы келудің болжамды күніне дейін 10 (он) күннен кешіктірілмей қабылданады. Орындаушымен жазбаша нысанда жасалған шарт топқа баруына арналған тапсырысының қабылданғанын растау болып табылады. Келушіге Шарттың 1 (бір) данасы және төлем шоты беріледі. «Sky Beach Club»-қа алдын ала тапсырыс бойынша келушісіне осы Жария шартта, Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ережелер мен талаптар қолданылады.
18. «Sky Beach Club»-қа «Sky Beach Club» кассасынан сатып алынған сыйлық сертификаты бойынша баруға болады. Сыйлық сертификатының құны сыйлық сертификатында көрсетілген келу күніне байланысты. Сыйлық сертификатының қолданылу кезеңі Орындаушының уәкілетті адамымен келісіледі. Сыйлық сертификатының мерзімі аяқталған немесе басталмаған жағдайда «Sky Beach Club»-қа бару мүмкін емес. «Sky Beach Club»-қа бару мерзімін өткізіп алған (сыйлық сертификатының қолданылу мерзімі аяқталған) жағдайда сертификаттың құны қайтарылмайды. Сыйлық сертификатын сатып алу кезінде «Sky Beach Club»-тің ресепшенінен алған чек сертификатқа тіркелуі тиіс. «Sky Beach Club» -тің ресепшенінен сатып алынған сыйлық сертификаты чексіз жарамсыз болып табылады.
19. Платформаларда көрсетілген шарттарда Орындаушы серіктестерінің арнайы платформаларда сатып алынған сертификат / купон бойынша «Sky Beach Club»-қа баруға болады. Келуші осы Жария шартта, Ережелерде және Қазақстан Республикасының ережелері мен заңнамасында белгіленген ережелер мен талаптарды сақтауға міндетті.
20. Келуші:
- Қызметтер және т.б. туралы толық және сенімді ақпарат алуға;
- Қызметтерді толық көлемде алуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
21. Келуші:
- осы Жария шарттың, Ережелердің талаптарын сақтауға;
- нысаны «Sky Beach Club»-қа кіру алдында осы Жария шартқа № 6 қосымшада көрсетілген ресепшнде анкетаны толтыруға;
- «Sky Beach Club» аумағында орналасқан не уақытша пайдалану үшін берілген мүлікке, жабдыққа ұқыпты қарауға;
- мүлікке және (немесе) жабдыққа залал келтірген жағдайда Ережелерде көрсетілген Орындаушыға келтірілген залалды Орындаушымен келісілген мерзімдерде толық көлемде өтеуге міндетті. Sky Beach Club» әкімшілігі келтірілген залалға акт жасайды. Актінің нысаны осы Жария шартқа № 7 қосымшада көрсетілген.
22. Орындаушы:
- «Sky Beach Club» аумағына келушілердің еріп жүруінсіз 16 жасқа толмаған, 18 жасқа толған адамдарды (заңды өкілді немесе ол үшін жауапты өзге де еріп жүрушіні) жібермеуге;
- Келушіні ескертусіз келесі жағдайларда:
санитарлық өңдеу (СанЕжН талаптарына сәйкес);
жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу (кестеге сәйкес);
ағымдағы жөндеу жұмыстарды жүргізу;
жабдық құрылымының ерекшеліктеріне байланысты техникалық үзілістер;
Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты және «Sky Beach Club» әкімшілігіне қатысы жоқ апаттық жағдайлар;
табиғи апаттар (су тасқыны, жер сілкінісі), техногендік (жабдықтардың апаттары, электр қуатының үзілуі), ереуілдер сияқты форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, соғыстар, мемлекеттік органдардың әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі немесе басқа да «Sky Beach Club» әкімшілігіне байланысты емес Келушіге қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтін жағдайларда кез келген аттракционды немесе «Sky Beach Club»-тағы барлық аттракциондарды тоқтатуға немесе жұмысын тоқтата тұруға;
- «Sky Beach Club»-қа мына жағдайда:
барынша жоғары жүктеме кезінде;
корпоративтік Келушілерге арнайы қызмет көрсету кезінде;
басқа себептермен,
Келушілердің кіруін уақытша шектеу және Келушілерді қабылдауды тоқтатуға құқылы.
Жедел ақпаратты Келушілерге «Sky Beach Club» қызмет көрсету персоналы жеткізеді;
- демалыс, мереке күндері кезеңіне көтеріңкі тарифтерді белгілеуге;
- Келушілер мен «Sky Beach Club» қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келушілерден олардың келісімімен күзет қызметкерлеріне тексеру үшін жеке заттарын беруін сұрауға;
- Келесі жағдайларда:
Келуші алкогольдік, есірткілік, психотроптық немесе уытқұмарлық мас болу күйінде болғанда;
«Sky Beach Club» аумағында болудың қауіпсіздің талаптарын өрескел бұзғанда;
өзге Келушілердің демалысына кедергі келтіретін мінез-құлық көрсеткенде;
Келушінің құтқарушылардың, сондай-ақ «Sky Beach Club» басқа қызметкерлерінің Ережелерді сақтау талаптарын орындаудан бас тартқанда;
Келушінің осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда (шезлонгтарда, құмда және т. б.) және белгіленген режимді (үстелді жалға алу) сақтамай тамақ қабылдауы;
басқа себептермен Келішуге қызмет көрсетуден бас тартуға немесе Келушілерді «Sky Beach Club» аумағынан шығаруға құқылы.
Келушілер жоғарыда аталған жағдайларда «Sky Beach Club» аумағынан шығарылған жағдайда, оларға, көрсетілмеген қызметтер үшін ақша қайтарылмайды.
23. Орындаушы:
- тиісті түрде және уақтылы Қызметтерді көрсетуге;
- пікірлер мен ұсыныстар кітабын бірінші талап бойынша ұсынуға;
- осы Жария шартта көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
24. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
25. Егер Жария шарт бойынша міндеттерді орындамау (тиісінше орындамау) мыналарға байланысты болса:
- электр энергиясы, сумен қамтамасыз ету сөндірілсе, коммуналдық және (немесе) басқа қызметтер, ұйымдар жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды, жөндеу-қалпына келтіру және басқа жұмыстарды жүргізген жағдайда Қызметтер сапасына қатысты болса;
- егер орындамау еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаса, осы Жария шарт бойынша міндеттемелер ішінара немесе толық, сондай-ақ тиісінше орындалмаған жағдайда Орындаушы жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайларына: дүлей зілзалалар, өрттер, жарылыстар, дауылдар, құйындар, су тасқындары, жер сілкіністері, кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоғамдық тәртіпсіздіктер, ереуілдер, апаттар, Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі жасайтын жарлықтар, нормативтік-құқықтық актілер, тыйымдар жариялануы және Тараптар болжай алмаған және олардың әсеріне қарсы тұра алмаған және қандай да бір Тараптың селқостығы болмаған, сондай-ақ Тараптар туындаған жағдайда қолдан келген барлық ықтимал шараларды қабылдаса, олардың әрекеті мен әрекетсіздігі себеп болмаған Тараптардың еркінен тыс туындаған басқа төтенше күтпеген жағдайлар жатады.
26. Осы Жария шарт бойынша немесе оған байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен өзге де келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
27. Келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Орындаушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта қаралуға жатады.
28. Осы Жария шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
29. Осы Жария шарт «Sky Beach Club» ресепшенінде орналасқан.
30. Осы Жария шартқа сәйкес Қызметтерді Орындаушы «Sky Beach Club» тауар белгісімен көрсетеді. «Sky Beach Club» тауар белгісі тиісті түрде тіркелген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қорғалады.
31. Келуші «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Орындаушыға өзінің Дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімін береді.
32. Егер осы Жария шарттың кез келген талаптары осы немесе болашақта толық немесе бір бөлігінде заңсыз, жарамсыз немесе қолданылмайтын болып табылса, онда бұл шарт осы Жария шарттың кез келген басқа талаптарының заңдылығына, жарамдылығына және қолданылуына толық немесе бір бөлігінде әсер етпейді.
33. Осы Жария шарт және Ережелер мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Сәйкессіздік жағдайында орыс тіліндегі мәтін басым күшке ие.
34. Қызметтерге ақы төлеу келушінің осы Жария шартпен және Ережелермен танысу фактісін растайды.